— «Қолма-қол ақшаға» қатысты ажиотажды өзіңіз байқап, сезіндіңіз бе?
— Арнайы есептеулер жүргізбедік, бізді басқа көрсеткіш – шағын бөлшек саудадағы POS-терминалдар пайдаланушыларының баяу, бірақ тұрақты түрде өсу көрсеткішінің өзгерісі қызықтыруда. Шағын және микро-бизнес тәжірибелік жолмен өзі үшін салық органдарымен автоматты түрде қатынасу жайлылығын ашуда. Біз өз терминалдарымызға есеп айырысу-касса машинасын кіріктіріп жатырмыз, меншік иесіне енді есептерді құрастыру жайлы алаңдаудың қажеті жоқ – барлығы ашық, заңды, жылдам.
— Бірақ тегін емес, солай ғой?
— POS-терминалдарды біз тегін ұсынамыз, олармен жұмыс істеуді үйрету де тегін. Оған қоса, бізде кәсіпкерлерге арналған Jusan Business қосымшасы бар – онда абоненттік төлемдер мен жасырын төлемдер жоқ. Ақылы тек бір нәрсе – бұл төлем қабылдау кезіндегі комиссия және айлық айналым 300 000 теңгеден аз болған жағдайдағы абоненттік төлем. Бірақ бұл жерде біздің көрсеткіштеріміз «қарапайым»: абоненттік төлем 3000 теңгеден аспайды, терминал арқылы картамен төлеу кезіндегі комиссия – 1,5 %.
— Бірақ такси жүргізушісі немесе көкөністер сатушысына POS-терминал қолдану ыңғайсыз. Олардың жайы не болмақ?
— Бөлшек сауда тауарлары мен қызметтер үшін біз өз телефоныңызға орната алатын Jusan Tole қосымшасын әзірледік. Jusan Tole төлемге арналған QR-код қалыптастыруға мүмкіндік береді әрі бөліп төлеу мен кредитке қолжетімділік береді. QR-код бойынша біз бар-жоғы 0,8 % құрайтын ең төмен комиссияны ұсынамыз. Бұл біздің нарықтағы ең төмен пайыздардың бірі. Оған қоса, бұл жүйеге «бонустар» байланыстырылған – 100% төлеген кезде кәсіпкердің клиенті сатып алу үшін 5% бонус, ал оның кассирі 0,5% алады.
Мәселен, қазір қыс маусымы, адамдар базардан қымбат маусымдық киім сатып алады. Өзімізбен бірге ірі ақша алып жүрмейтін болдық, бұл ыңғайсыз әрі қауіпсіз емес. Ал Jusan Tole арқылы QR төлемі базарды қолма-қол емес ақшасыз аралауға ғана емес, сырт киімді 70 мың теңгеге бір жылға, пайызсыз бөліп төлеуге сатып алуға болады.
Осы қосымшаны пайдалану үшін кәсіпкер Jusan bank-те шот ашуы керек, әрі ЖК бұны «өндірістен ажырамай», онлайн түрде Jusan Business қосымшасы арқылы жасай алады.
— Демек, қолма-қол ақшамен қиындықтар болмайды деп есептейсіз ғой?
— Бұл жерде мен қолма-қол ақшамен байланысты мәселені емес, ақпараттандыру бойынша мәселені көріп отырмын. Шағын және микро-бизнес меншік иелерінің, өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың арасында»таза» қолма-қол емес ақша төлемдері қымбат әрі қиын деген қате түсінік бар. Міне, бұл түсінік дұрыс емес! Белгілі бір нәрсені қолма-қол ақшаға сата отырып, біз өзімізге де, клиенттерімізге де қиындық туғызатынымыз рас. Клиенттеріміз үшін қолжетімді болып қалуымыз керек және бұл мәселені шешу үшін смартфон немесе POS-терминалға орнатуға немесе Jusan bank-те Jusan Tole орнатылып қойған Smart Pos-қа өтінім беруге және клиенттерге өздері үйреніп қалған және қауіпсіз төлем әдістерін пайдалану мүмкіндігін беретін Jusan Tole бар.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 07.04.21ж. берген №1.2.35/225/37 лицензия.