Оқиға 16 желтоқсанда сағат 14:00 шамасында Жамбыл ауданы Жаңақұрылыс ауылының батыс бағытында 58 километрде Алматы-Бішкек тасжолында болған. Еңбекшіқазақ ауданы Қайназар ауылының 26 жастағы тұрғыны Chevrolet Cruze автокөлігі тізгінінде ВАЗ-21063 автокөлігімен соқтығысқан.
Апат салдарынан Chevrolet Cruze автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы Алматының 21 және 30 жастағы тұрғыны 9 айлық баласымен ауруханаға жеткізілді. Ал 47 жастағы тұрғын оқиға орнында қаза болды. Бала алған жарақатынан емдеу мекемесінде екі сағаттан кейін қайтыс болды. ВАЗ-21063 автокөлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы Сарыбастау ауылының 59 жастағы тұрғыны түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, — делінген хабарламада.
- Дерек қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі («Автомобильді басқаратын адамның екі адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзуы») бойынша СДТБТ-де тіркелді. Chevrolet Cruze автокөлігінің жүргізушісі қамауға алынды.