3 қалада ауа сапасы нашарлайды

Синоптиктер мәліметінше, дүйсенбі күні ауа сапасы Алматы, Балқаш және Ақтау қалаларында нашарлайды.

Өзге қалаларда метеожағдай норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорология жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.