Басты бетҚоғамРеспублика бойынша...

Республика бойынша көкөніс пен жұмыртқа арзандады

Өткен аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,1%-ға төмендеді. Түркістан облысында 0,6%, астанада 0,3%, Шымкентте және Маңғыстау облысында 0,2%, Алматыда және Қарағанды облысында 0,1% бағаның төмендеуі тіркелді.

Республика бойынша көкөніс  арзандап жатыр, басқа өнімдердің бағасы тұрақты. 2021 жылы 769,3 мың тонна өнімге, оның ішінде 684 мың тонна жұмсақ бидайға келісімшарт жасалды. Қазіргі уақытта 559 мың тонна немесе келісімшарт жасалған көлемнің 72,7% жеткізілді.

қызылша, базар, сауда, көкөніс
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Қазіргі таңда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі нарық субъектілерінің атына 113 хабарлама жіберді, 16 тергеу жүргізді, өндірушілермен, көтерме жеткізушілермен және сауда желілерімен сауда үстемесін 15%-тен 10%-ке дейін төмендету туралы монополияға қарсы комплаенстің 192 актісін жасады.

Сауда үстемесін көтерудің 75 фактісі анықталды. Биылғы 10 желтоқсаннан бастап Қазақстанның жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы республиканың барлық құс фабрикасы бойынша тауық жұмыртқасының бағасын 16%-ке – бір данасына 37 теңгеден 32-31 теңгеге дейін төмендетті.

Премьер-министр орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға қолданыстағы барлық құралды пайдалану арқылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру және төмендету жұмысын одан әрі жалғастыруды тапсырды.