Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі хабарлады.
14 желтоқсанда Алматы облысы Талғар аудандық соты Талғар ауданының бұрынғы әкімі Серікжан Ерекешовке және Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Шамаевқа қатысты үкім шығарды.
Айыпталушылар жауапкершілігі шектеулі серіктес директорынан сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы бойынша орындалған жұмыс актілеріне қол қойғаны үшін 2 миллион теңге сомасында пара алды деп күдікке ілінген.
Талғар ауданының бұрынғы әкімі Серікжан Ерекешев сотталып, оған 59,4 миллион теңге айыппұл салынды. Осы үкім бойынша Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Шамаевқа 29,7 миллион теңге айыппұл салынды, — делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, Серікжан Ерекешев Талғар ауданының әкімі болып 2020 жылы тамыздың ортасында тағайындалған еді.