Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, коронавирус инфекциясын жұқтырған 308 адамның жағдайы ауыр, 80 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланған. Ал 65 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
13 желтоқсандағы дерек бойынша, елімізде коронавирустан 11 адам, коронавирус белгілері бар пневмониядан үш науқас қайтыс болды.
Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 488 дерегі тіркелді.

