Елімізге екі мыңнан астам IPhone смартфонын заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды

Жүктерді жасырын тасымалдау үшін жабдықталған құпия орнынан IPhone смартфондарының 2 134 бірлігі, IPpad планшеттерінің 124 бірлігі, Apple iWatch смарт-сағатының 451 бірлігі және тауарға ілеспе құжаттары жоқ танымал брендтердің басқа да электрондық құрылғылары табылды.

Алдын ала деректер бойынша жүктің жалпы құны 1 миллиард теңгеден асады.

«Аухатты» автомобиль өткізу пункті арқылы тек бос жүк автокөлік құралдарының жүруіне рұқсат етілгенін атап өткен жөн.

Әкелу фактісінің жолын кесу бойынша іс-шараларды Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті экспорттық бақылау басқармасының қызметкерлері, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі мен Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізді.

Аталған факт Жамбыл облысы шекара қызметі департаментінің АЕК-те тіркеліп, процессуалдық шешім қабылдау үшін экономикалық тергеу департаментіне берілді.