Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Ауыл шаруашылығы министрі қанша жалақы алатыны белгілі болды

Фото: Primeminister.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі қызметкерлерге еңбекақы төлеу Үкіметтің 2017 жылғы 16 қазандағы «Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын барлық органдар үшін қызметкерлерге еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес жүргізілетінін хабарлады.

Бұл ретте ауыл шаруашылығы министрінің жалақысы жеке табыс салығы мен міндетті зейнетақы жарналарын шегергенде 941 316 теңге (еңбек өтіліне қарай), ауыл шаруашылығы вице-министрлерінің жалақысы 643 807 — 731 047 теңге (еңбек өтіліне байланысты), аппарат басшысы жалақысы 731 047 теңге (еңбек өтіліне қарай) болады, — деді ведомство өкілдері.

Министрлік басшылығының жалақысы 2021 жылы өспегені айтылды.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың жалақысы қанша екені белгілі болған еді.

Exit mobile version