Асқар Мамин ауыл шаруашылығы министріне бірқатар тапсырма берді

Өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін ұлғайту керек. Бұл жобаларды іске асыру елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Жалпы 2023 жылдың соңына дейін барлық негізгі азық-түлік өнімдері бойынша импортқа тәуелділікті алып тастау қажет, — деді Үкімет басшысы.

Асқар Мамин ішкі нарық қамтамасыз етілгеннен кейін өнім түрлері мен оның таралу географиясын кеңейту арқылы экспорт көлемін ұлғайту маңызды екенін мәлімдеді.

Әлемдік нарықта азық-түлік тауарларына сұраныстың артқанын ескере отырып, еліміздің әлемдік азық-түлік хабтарының бірі болуына мүмкіндігі бар. Сақтау және логистика инфрақұрылымына қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет, — деді премьер-министр.

Асқар Мамин Ауыл шаруашылығы министрлігіне бірқатар тапсырма берді:

  • Бірінші, Ауыл шаруашылығы министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, инвестициялық жобалардың, әсіресе импортқа тәуелді тауарлар бойынша жобалардың іске асырылуын ерекше бақылауды және қолдауды қамтамасыз етсін.
  • Екіншіден, Ауыл шаруашылығы министрлігіне Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерімен, «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, инвестициялық жобаларды уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
  • Үшінші, Ауыл шаруашылығы министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, биыл ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне субсидиялар төлеу жөніндегі мемлекеттің міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етсін.