Ауыл шаруашылығы министрі импортқа тәуелді өнімдерді атады

Оның айтуынша, министрлік азық-түлік тауарларының негізгі 29 түрі бойынша ішкі нарықтың қамтамасыз етілуіне мониторинг жүргізіп жүр.

Азық-түлік тауарларының негізгі түрлері бойынша ішкі нарықтың отандық өндіріс есебінен қамтамасыз етілуі шамамен 85% құрайды. Құс еті, шұжық өнімдері, ірімшік және сүзбе, алма, қант және балық сияқты тауарлар импортқа тәуелді, — деді министр.

Ербол Қарашөкеевтің дерегінше, 2021 жылы өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда:

  • ірімшік пен сүзбе өндірісі 18,6% — ға (32 мың тоннадан 45,3 мың тоннаға дейін),
  • шұжық өнімдері 9,5% — ға (58,7 мың тоннадан 68,4 мың тоннаға дейін),
  • алма 7% — ға (259 мың тоннадан 282,1 мың тоннаға дейін),
  • құс еті 27% — ға (235,3 мың тоннадан 282,1 мың тоннаға дейін),
  • қант 28,9%-ға (140 мың тоннадан 335 мың тоннаға дейін),
  • балық 10,1%-ға (61 мың тоннадан 71 мың тоннаға дейін) ұлғайды.