Бұл туралы Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.
Әлемде коронавирыстың 270 миллионнан астам жағдайы тіркелген. Ал тәулігіне 400 мыңнан астам жағдай тіркеледі. 5 миллионнан астам адам қайтыс болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша соңғы екі аптада Еуропаның 19 елінде сырқаттанушылықтың өсуі байқалады, — деді Алексей Цой.
Министрдің дерегінше, соңғы 14 күнде Францияда аурудың өсуі байқалды. Онда ауру 100% астам, ал Португалияда 50% астам, Швецияда 60% астам, Италияда 50% шамасына өсті.
Қазақстанда соңғы екі аптада сырқаттанушылық 31% төмендеді. Әлемдік рейтингте 1 миллион тұрғынға шаққанда 222 ел ішінде Қазақстан сырқаттанушылық бойынша 110-орында, өлім-жітім бойынша 102-орында тұр, — деді министр.