Ақпаратты Қаржылық мониторинг агенттігі растады.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Нұр-Сұлтан қаласы Экономикалық тергеу департаменті екінші тергеу бөлімі бастығының экс-орынбасары, халықаралық іздеуде жүрген Дастанбек Қайырбеков ұсталды. Оның үстінен қызмет бабын асыра пайдалану дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр, — деді ведомство өкілі.
- Қазіргі уақытта күдікті Нұр-Сұлтанның уақытша ұстау изоляторына қамалған.