Бұл туралы ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Бағланбек Айтбаев айтты.
Ішкі істер органдары қоғамдық орындар мен көшелерде тиісті құқықтық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар қажетті алдын алу іс-шараларын іске асырады. Осы мақсатта құқықтық тәртіпті сақтауға күнделікті полиция қызметкерлері, сондай-ақ Ұлттық ұлан әскери қызметкерлері тартылады, — деді ол Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі алаңында өткен брифинг барысында.
Бағланбек Айтбаевтың айтуынша, олар көшелерді, саябақтарды, алаңдарды, аулаларды және басқа да қоғамдық орындарды патрульдейді.
Қазіргі күні елімізде қоғамдық орындарда жасалған қылмыстық құқық бұзушылық санының 6%, оның ішінде көшелерде 13% төмендеуі байқалады, — деді Бағланбек Айтбаев.