Шарада Қазақстан хоккей федерация президентінің 2016-2021 жылдар аралығындағы жұмысы туралы есебі, федерацияның жарғысы мен ережесі, штаттық құрылымы қаралды, басқару және бақылау органдарының сайлауы өтті.
Конференция қатысушыларының бірауызды шешімімен Асқар Мамин Қазақстан хоккей федерациясының президенті лауазымына қайта сайланды.
Қазіргі уақытта ерлер арасындағы Қазақстан командасы әлемдік рейтингіде 19-дан 13-орынға көтерілді. Осы уақыт ішінде қазақстандық құрама командалар 19 әлем чемпионатына, Қысқы Азия ойындарына, екі қысқы Дүниежүзілік Универсиадаға, олимпиада іріктеу турнирлеріне қатысып, 14 медаль жиынтығын жеңіп алды. Балалар мен жасөспірімдер хоккейінің дамуындағы оң динамиканың артып келе жатқаны байқалады. Республикада 30 хоккей мектебі бар, оларда 269 жаттықтырушы жұмыс істейді. Командалар мен ойындардың саны ұлғайып келеді. Өткен кезеңмен салыстырғанда хоккеймен айналысатын балалар саны 32% – 7,3 мыңнан астамға өсті,- деді Асқар Мамин.