Қазақстандағы зейнетақы төлемінің орташа мөлшері қанша?

Желтоқсан айындағы мәлімет бойынша, Қазақстандағы зейнеткерлердің саны — 2 миллион 233 мың адам.

2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін есепке алғанда) — 99 726 теңге, — делінген хабарламада.

2021 жылдың қаңтар-қараша айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 750,8 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне — 1 триллион 696,4 миллиард теңге бағытталды.

2021 жылғы қарашада республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 221,2 миллиард теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 68 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге — 153,2 миллиард теңге бағытталды.

2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 миллион 233 мың адам болды.

Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (оның ішінде базалық зейнетақы) 2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша — 99 726 теңге.

Еске салайық, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, зейнетақы жүйесіндегі тәжірибесін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады.

Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер (бұдан әрі – МЗЖ) зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.

Егер зейнетақы жүйесіндегі жұмыс өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сонымен бірге егер мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-і, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2% артады. Мысалы, егер сіз 20 жыл қатыссаңыз, базалық зейнетақы күнкөріс деңгейі құнының 74%-ін, 30 жыл — күнкөріс құнының 94%-і болады. 33 және одан да көп жыл жұмыс өтілі болса, күнкөріс құнының 100%-інен жоғары мөлшерінде белгіленеді.

Егер бір ай ішінде МЗЖ Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірнеше рет жасалса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды.

Осылайша, міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық салынатын болса, зейнетақы жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады.

Өз кезегінде, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейінгі кезеңде алынған орташа айлық табысқа байланысты болады.