Басты бетҚоғамНұр-Сұлтан вокзалында...

Нұр-Сұлтан вокзалында ер адам қаза тапты

Бұған дейін әлеуметтік желіде теміржолда механик тоқ соғып, көз жұмғаны туралы ақпарат тарады.

Көліктегі полиция департаменті бұл факті Нұр-Сұлтан стансасы желілік полиция басқармасының бірыңғай сотқа дейінгі тергеу реестріне Қылмыстық кодекстің 156-бабы 3-тармағы (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан, еңбектi қорғау қағидаларын бұзу) бойынша тіркелгенін түсіндірді.

Бұл баптың санкциясы – бес жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру.

Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Тергеу мүддесіне байланысты бұл іске қатысты өзге ақпарат жария етілмейді, — делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.