Басты бет Жаңалықтар Ольга Рыпакова Бейжің Олимпиадасының күміс медалін алады

Ольга Рыпакова Бейжің Олимпиадасының күміс медалін алады

Халықаралық олимпиадалық комитеті ресейлік жеңіл атлет Татьяна Лебедевадан 2008 жылғы Олимпиаданың екі күміс медалін (ұзындыққа секіру және үш қарғып секіру) қайтарып алды. Допингтік тексеру кезінде спортшының қанынан тыйым салынған препарат туринабол табылды, деп хабарлайды Baq.kz.

Осылайша үш қарғып секіруден күміс медаль Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері қазақстандық Ольга Рыпаковаға беріледі.

Негізінен, Ольга Рыпакова бұл Олимпиадада төртінші орын алған болатын. Алайда қола жүлдегер Хрисопия Девецидің допинг-сынамасы оң нәтиже көрсеткеннен кейін оның медалі Ольга Рыпаковаға берілді.

Айта кетейік, Ольга Рыпакова үш мәрте Олимпиада жүлдесін еншілеген алғашқы қазақстандық спортшы атанып отыр. Ол биыл Рио олимпиадасында да үздік үштік қатарынан табылды. Ол алғашқы мүмкіндігінде 14,73 метрге секіріп, бірінші орынға шыққан еді. Алайда колумбиялық Катрин Ибаргуэн (15,17м) мен венесуэлалық Юлимар Рохас (14, 98м) оның алдын орап кетті. Осылайша, жерлесіміз қола медальді қанағат тұтты.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version