Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қайрат Болатұлы Рахымов Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі қызметінен босатылды, — делінген хабарламада.
Қайрат Рахымов 1985 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін және Сеул ұлттық университетін бітірген.
2007-2015 жылдары Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде, Энергетика министрлігі мен Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде сарапшы, бас сарапшы, басқарма басшысы болды.
2015 жылдан 2020 жылға дейін Энергетика министрлігінде басшылық лауазымдарды атқарды. 2020 жылғы ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін энергетика вице-министрі қызметін атқарды.