Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті өкілдері, мәдениет және ғылым қайраткерлері, спортшылар, еңбек ардагерлері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері бар.
«Қазақстанның Еңбек Ері» жоғары атағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық, денсаулық сақтау салаларын дамытудағы және өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін жазушы Ә.Әшімовке (Тарази), Нұр-Сұлтандағы «Онкологиялық орталық» МКК бас дәрігері М.Төлетаевқа, Шығыс Қазақстан облысының «Қазмырыш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры А.Хмелевке берілді.
«Отан» орденімен жазушы С.Досанов, еңбек ардагері М.Жолдасбеков, ақын А.Бақтыгереева, «Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен Конституциялық Кеңес төрағасы Қ.Мәми, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы А.Айдарбаев, «А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Б.Баймаханов, Bazis Holding Сompany жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорлар кеңесінің төрағасы А.Белович, жазушы Д.Исабеков, Қазақстан Православ шіркеуінің басшысы, Астана және Қазақстан Митрополиті Александр марапатталды.
І дәрежелі «Барыс» орденімен «Зенит» Орал зауыты» акционерлік қоғамының бас директоры В.Валиев, «Қазхром» ТҰК» акционерлік қоғамының президенті А.Есенжолов, «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» кәсіпкерлік емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы – ректор Т.Есполов, «Отандастар қоры» кәсіпкерлік емес акционерлік қоғамының президенті Н.Абықаев, Алматыдағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМКК филиалының директоры А.Қоразбаев, ENRC PLC компаниясының акционері — негізін қалаушы А.Машкевич, Парламент Мәжілісінің депутаты Д.Назарбаева, еңбек ардагерлері: Н.Есенғарин, Қ.Сұлтанов, Т.Сүлейменов, З.Федотова; ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен «Концерн TNS-group» ЗТБ директорлар кеңесінің төрағасы Т.Жұмағұлов, «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының актері Н.Ыхтымбаев, ақын әрі жазушы В.Михайлов, «Павлодар қызмет көрсету саласы колледжі» КМҚК мұғалімі Н.Покидова, «Саутс-Ойл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің президенті С.Сейтжанов, «Alanda Clinic» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары С.Тоқпанов, Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаев, еңбек ардагері Ә.Тұяқов; ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен мәдениеттанушы К.Абаев, «Ұлттық банктің Банкноттық фабрикасы» РМК бас директоры Б.Әлжанов, Парламент Сенатының төрағасы М.Әшімбаев, Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбек, еңбек ардагерлері: М.Байғұт, Ғ.Байназаров, Р.Түсіпбеков, Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрағасы Е.Бахмутова, «Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры С.Жошыбаев, «Нұрсұлтан Назарбаев қоры» жеке қорының атқарушы директоры Қ.Жұмабаев, Ұлттық ғылым академиясының академигі З.Дүйсенбеков, «Монтажспецстрой» компаниясы» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің төрағасы Е.Ежиков-Бабаханов, «Қазақстан жазушылар Одағы» РҚБ төрағасы Ұ.Есдәулет, ақын Х.Есенқарақызы, Нұр-Сұлтанның қоғамдық кеңесінің төрағасы С.Есілов, Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Мәуленқұлов, «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы» РМКК әртісі Н.Нүсіпжанов, «Қазақмыс Холдинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорлар кеңесінің төрағасы Э.Огай, «С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» кәсіпкерлік емес акционерлік қоғамының профессоры К.Ормантаев, BI Group холдингі директорлар кеңесінің төрағасы А.Рахимбаев, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы А.Сәтқалиев, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ профессоры Е.Сергебаев, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті КеАҚ басқарма төрағасы — ректор Е.Сыдықов, Парламент Мәжілісінің депутаты Б.Тілеухан, «Қазақтардың дүниежүзілік қауымдастығы» РҚБ төрағасының бірінші орынбасары З.Тұрысбеков марапатталды.
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы ғылым және мәдениет саласының 28 көрнекті өкіліне берілді, олардың ішінде театр және кино әртістері: М.Әжібеков, Ж.Құрманбеков, Л.Крючкова, режиссер Д.Өмірбаев, өнертанушы Е.Резникова және басқалар бар. «Қазақстанның еңбек сіңірген» ұстазы құрметті атағы Н.Тілендиев атындағы кіші өнер академиясы облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар мамандандырылған мектеп ММ мұғалімі Д.Төрехановаға берілді.
Белгілі ғалымдардың, мәдениет қайраткерлерінің, өндірістік сала өкілдерінің еңбектері «Парасат» орденіне лайық деп танылды. Олардың арасында М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры РМҚК әртісі Б.Әбділманов, «Ершовское-2» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры С.Ағайдаров, «Мұнай-газ кешенінің ардагерлері» РҚБ бас директоры З.Алшымбаев, «Отырар кітапханасы» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Т.Жұртбай, «Ракурс» экономикалық талдау орталығының директоры О.Жандосов, Ақан Сері атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясы камералық хорының хормейсторы Ю.Колчин, «Қазақ әдебиеті» газеті редакциясының меңгерушісі Е.Жаппасұлы, «Астана» халықаралық қаржы орталығы департамент директорының орынбасары Ш.Құрманбайұлы, жазушы З.Наурызбаева, «Альтаир» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорлар кеңесінің төрағасы А.Потиченко және басқалар бар.
ІІ дәрежелі «Достық» орденіне Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Э.Әзімова, Kaspi.kz акционерлік қоғамы басқарма төрағасы М.Ломтадзе ие болды.
«Құрмет» орденімен марапатталғандардың ішінде шахматшы Ж.Әбдімәлік, «Астана Опера» «Мемлекеттік опера және балет театры» кәсіпкерлік емес акционерлік қоғамының бас дирижері А.Бөрібаев, Көкшетау қаласы жоғары техникалық колледжі МКҚК жетекшісі А.Есләмова, «Жекпе-жек өнерінің Ассоциациясы» ЗТБ президенті Б.Ыстыбаев, Жамбыл облысының «И.Трубицын атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы» КММ мұғалімі Н.Қаймалақова, «Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ҰЗИ» РМК лабораториясының меңгерушісі А.Наханов, «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының болат балқытушысы В.Пастух, Павлодар қалалық дарынды балаларға арналған №3 гимназия ММ директоры Қ.Құспекова, Шымкент қалалық №1 қалалық клиникалық аурухана МҚК дәрігері Ж.Сүйгенбаев, режиссер Қ.Омаров бар.
ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені өндіріс, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқа да материалдық өндіріс салаларының 105 жұмысшысы мен еңбеккеріне берілді.
Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен 553 адам марапатталды.
Әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайтуға қосқан үлесі үшін әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары өкілдерінің бір тобы І және ІІ дәрежелі «Даңқ», сонымен бірге І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен, «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды.