Ми-35М тікұшағы өзге ұшу объектілеріне қарағанда жоғарғы температура мен таулы жерлерде биік ұшуға техникалық тұрғыда бейімделген. Ол 23 мм калибрлі қосауызды зеңбірекпен, басқарылатын және басқарылмайтын зымырандармен, сонымен қатар авиабомбалармен қаруланған. Ми-35 8 десантты немесе зембілмен 4 жаралы адамға дейін тасымалдай алады. Сондай-ақ акустикалық шуы да төмен.
Айта кетейік, тікұшақтар Қазақстан мен Ресейдің арасындағы әскери-техникалық достастық аясында әкелінді.