«Жарға жығу» кезеңінде астаналық әнші шоуды жалғастыру үшін Максим Юдин және Элина Панмен сайысты. Ернар Андреа Бочеллидің Melodramma әнін шырқады.
Ән соңында тәлімгерлер үш қатысушының әрқайсына баға берді.
Ернар бұл музыканы жақсы орындап шықты. Сізді тыңдау өте жағымды, рақмет, — деді Леонид Агутин.
Бочелли туралы айтсам. Карьерасын енді ғана бастаған, әлі жетілмеген вокалистің нұсқасын тыңдау өте қиын. Ноталардың барлығына дерлік жақсы түстің. Бірақ бұл туындыда сіз Бочелли немесе Паваротти я басқа біреу болуыңыз керек, бірақ әзірге өте әдемі және дәл шырқадыңыз, бірақ студенттік акцент бар, — деген еді марқұм Александр Градский.
Нәтижесінде тәлімгер Дима Билан үштіктің арасынан қазақстандықты таңдады.