Оның айтуынша, Алматыда эпидемиологиялық жағдай тұрақталды және қала «жасыл» аймақта орналасқан.
Бұл вакцина алудың нәтижесі. Оған қоса қалада шектеу шаралары енгізілді, бұл да вакцинацияға үлкен көмек берді. Қала тұрғындарының 50% вакцина алды, біздің мақсатымыз оны 80% дейін жеткізу. Қаладағы ұжымдық иммунитет 57,3%, – деді Жандарбек Бекшин Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингіде.
Жандарбек Бекшин сонымен қатар әлемді коронавирустың «омикрон» нұсқасы алаңдатып отырғанын, оның потогендігі дельта штаммен салыстырғанда 3 есе жоғары екенін атап өтті.
«Омикрон» штамы АҚШ, Еуропа және көрші Ресейде анықталды. Шектеу шараларымен оның елге кіруіне тосқауыл бола алмаймыз, дегенмен жаппай вакцина алу арқылы оның таралуын тоқтата аламыз. Вакцинаның екі компонентін алғандар арасында вирусты жұқтыру төмен және ол жеңіл өтеді, – деді қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері.
Сонымен бірге ол омикрон штамы анықталған елден келген жолаушылар 7 күн үйде оқшауланатынын мәлімдеді.