Басты бетЖаңалықтарМемлекет басшысы...

Мемлекет басшысы ЕАЭО елдеріне бірлесіп микрочип шығаруды ұсынды

Біз үшінші жыл қатарынан цифрлық өнім мен электронды қызметтерге үлкен сұраныс барына куә болып келеміз. Бұл ретте экслюзивті, инновациялық технологиялық шешімдерге ғана емес, қарапайым цифрлық шығыс материалдарына да күрес болып жатыр. Бүгінде әлемдік нарықта компьютерлік элементтер мен микрочиптердің жетіспеуінен машина жасауда жүйелі кідірістер байқалып отыр. Бұл біздің елдердің машина жасау саласына да әсер етеді. Осыған байланысты біздің үкіметтерге ғылыми-зерттеу институттарының көмегімен, машина жасау саласы үшін микрочиптер мен компьютерлік элементтер шығару бойынша бірлескен кооперативті жобаларды пысықтауды ұсынамын, — деді президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында

Президент кәсіпорындардың сұранысын толығымен қанағаттандырып, болашақта экспортты жолға қоятын өндірістік база құру қажет екенін атап өтті.