Басты бет Жаңалықтар Жансая Әбдімәлік Еуразияның ең әдемі шахматшысы атануы мүмкін

Жансая Әбдімәлік Еуразияның ең әдемі шахматшысы атануы мүмкін

Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік Еуразияның ең әдемі шахматшысы атағына үміткер.

Жансая Әбдімәліктің фейсбуктегі ресми аккаунтында: «Достар, осы сілтеме бойынша Еуразияның ең әдемі шахматшысы — Miss Chess Eurasia 2017! атағына дауыс беру жүріп жатыр. Жансаяда әзірге тек 437 дауыс бар, бұл біздің мұндай конкурс өтіп жатқанын білмегенімізден. Осыны әрқайсымыз өз парақшамызда бөлісеміз және Шахмат ханшайымы үшін дауыс береміз!»,-деп жазылған.

Дауыс беру сайтында осы уақытта алдыда келе жатқандардың қатарында өзбекстандық Сарвиноз Курбанбоева (534 дауыс), Жансая Әбдімәлік (437) пен Тәжікстандық Мутриба Хотами (405 дауыс) бар.

17 жасар Жансая Әбдімәлік — әйелдер арасында халықаралық дәрежедегі гросмейстер. Қазіргі таңда Top 100 Women January 2017 тізімінде ол 43 орында тұр. ФИДЕ рейтингінде Жансая Әбдімәлік — 2430-да тұр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version