Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ер адам оны шамамен 2000 жылдары сатып алған. Енді қажетсіз болғандықтан оны сатуды ұйғарған.
«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Ақтөбе облысы полиция департаменті Ақтөбе қаласындағы Россовхоз кенті аумағында карьер маңынан БТР-60 бронтранспортерін анықтады, — деп хабарлады полициядан.