Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференцияда мәлімдеді.
Елімізге 400 миллиард доллар шетел инвестициясы тартылды. Бұл жетістіктің негізінде бірінші кезекте, мемлекет басшылығының тұрақтылықтың кепілі ретіндегі тұлғасына деген жоғары сенім жатыр, -деді Үкімет басшысының орынбасары.
Оның пайымынша, Қазақстанның ТМД елдерінің ішінде тартылған инвестицияның бойынша жетекші орында тұруы – заңдылық.
2002 жылы Қазақстан бұрынғы кеңестік республикалардың ішінде бірінші болып жетекші халықаралық рейтинг агенттіктері тарапынан инвестициялық тартымды ел деп танылды. 2018 жылы Astana халықаралық қаржы орталығы құрылды. Ол қазір шетел инвестицияның тарту мен халықаралық деңгейде қаржылық қызмет көрсетудің хабына айналды. Бүгін Қазақстанның сыртқы сауда айналымының көлемі 100 миллиард доллар болып отыр. Бұл елдің халықаралық резервін ұлғайтты, — деді вице-премьер.
