Куәгерлердің айтуынша, Skoda көлігі Абай даңғылының бойымен батыс бағытта қатты жылдамдықпен келе жатқан. Алтынсарин көшесінің қиылысында бағдаршаммен жабдықталған жаяу жүргіншілер өткелінде бір жігіт пен қыз жолдан өткен. Жүргізуші оларды бар жылдамдықпен қағып, 50 метрге сүйреп әкетті.
Соқтығыс салдарынан 2004 жылы туған қыз жедел жәрдем келгенше сол жерде көз жұмды. Ал екінші жаяу жүргінші жігіт ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр.
Жол-көлік оқиғасынан кейін шетелдік көліктің жүргізушісі қашып кетіп, аз уақыттан кейін оқиға орнына жаяу келген.
Кейін жол полициясының қызметкерлері Skoda Superb көлігін үшінші ықшамауданда, кіші Сайын көшесінің бойында, Абай даңғылынан төменірек жерден тауып алды.