Басты бетЖаңалықтарПрезидент Жоғары...

Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысын өткізеді

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

Берік Уәлидің айтуынша, бейнебайланыс форматында өтетін іс-шараға кеңеске мүше мемлекеттердің және бақылаушы елдер – Куба, Молдова, Өзбекстанның басшылары қатысады деп жоспарланған.

Мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақ қызметіне қатысты өзекті мәселелерді, 2021 жылғы ынтымақтастықтың нәтижелерін, сонымен қатар алдағы уақытта ұйымға мүше мемлекеттердің өзара экономикалық іс-қимылдарды дамыту жоспарын талқылайды. Қазақстанның ұйымға төрағалығы осы жиынмен аяқталады, — деп жазды Берік Уәли.

Іс-шара Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 15:00-де «Хабар-24» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.