Басты бет Жаңалықтар Сарапшылар Елбасы үндеуіне пікір білдірді

Сарапшылар Елбасы үндеуіне пікір білдірді

Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев отандық телеарналар арқылы Қазақстан халқына жолдаған үндеуінде Қазақстанда Үкіметті жасақтауда Парламенттің рөлі күшейтілетінін айтқан еді. Осыған байланысты саясаттанушылар өздерінің пікірлерін білдірді, деп жазады Baq.kz.

«Президент үндеуінде қоғамды мазалап жүрген көптеген сұраққа жауап берді. Енді мемлекеттік басқару жүйесі өзгереді. Үкімет пен Парламенттің халықтың алдындағы жауапкершілігі арта түседі», – дейді заңгер Болат Байқадамов.

Ал «Саясат.Орг» интернет жобасының бас редакторы Бауыржан Төлегенов бұл өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттырады деп отыр.

«Елбасының бағдарламасы әлемде болып жатқан жайттарға байланысты құрылымдық өзгерістер халықты бейімдеуге бағытталған. Билік тармақтарының өкілеттіктерінің ауысуы саяси тұрғыдан тиімді. Жалпы мемелекеттік басқару жүйесінің жақсаруына оң әсер етеді», – дейді Бауыржан Төлегенов.

«Парасат» институтының директоры Нұрсұлтан Ахмедия бүгінгі Елбасының үндеуі ел үшін маңызды екенін айтады.

«Бүгінгі Елбасының үндеуі атап өтерлік жайт. Жүзеге асырылғалы отырған Конституциялық реформа біздің мемлекет пен қоғам үшін өте маңызды. Жаңа өзгерістер мемлекеттің дамуын жаңа кезеңге шығарады», — деді ол.

Айта кетейік, Елбасы өзінің үндеуінде Президенттің әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеудегі біршама өкілеттіктерін Үкіметке және басқа да атқарушы органдарға беретінін айтты. Мемлекет басшысы бұл салаға Үкімет, министрліктер және әкімдіктер толықтай жауап беретін болады деп отыр. Өкілеттіктерді беру тиісті Заңдарды өзгерту арқылы іске асады. Мемлекет басшысы билік тармақтарын үлестіру барысында 40-қа тарта президенттік құзыреттің Парламентке және Үкіметке берілетінін мәлімдеді.

4 пікір

  1. Өте орынды пікірлер. Бастысы жұмыс жалғасады. Тек Үкімет пен Парламенттің жұмыстарының күшейтілетіні болмаса.

  2. Қазіргі уақытта бір орында тұрып қалуға болмайды. Заман талабымен ілесе өмір сүру керек. Ал Қазақстан сол мүмкіндіктерді толық қамтып отыр деп айта аламын.

  3. Елбасының Үндеуін кеше телеарнадан толық нұсқасын тыңдап шықтақ, Өте көңілге қонымды.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version