Басты бет Видео Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнайы үндеу жасады

Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнайы үндеу жасады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев арнайы үндеуінде неліктен президенттік жауапкершіліктерін бөлісіп жатқанын түсіндірді.

Мемлекет басшысы билік тармақтарын үлестіру барысында 40-қа тарта президенттік құзыреттің Парламентке және Үкіметке берілетінін мәлім етті.

«Президент үшін жаңа жағдайларда стратегиялық құзыр, билік тармақтары арасындағы жоғарғы арбитрдің рөлі басымдық болады. Мемлекет басшысы, сондай-ақ, сыртқы саясатқа, ұлттық қауіпсіздікке және елдің қорғаныс қабілетіне ден қояды. Өз кезегінде Парламент пен Үкіметтің рөлі артады. Аталмыш жұмыс екі негізгі бағытта жүргізіледі. Біріншіден, Президенттің әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеудегі біршама өкілеттіктерін Үкіметке және басқа да атқарушы органдарға берген жөн. Сонда бұл салаға Үкімет, министрліктер және әкімдіктер толықтай жауап беретін болады. Өкілеттіктерді беру тиісті заңдарды өзгерту арқылы іске асады. Бұл өзгерістерді Үкімет қазіргі Парламенттің сессияның аяғына дейін Парламентке енгізуі тиіс. Екіншіден, одан да күрделі міндет — билік тармақтары арасындағы қарым-қатынасты конституциялық деңгейде теңгерімді ету», — деді Елбасы.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version