Атап айтқанда, медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы үш ай ішінде КВИ-мен ауырған адамдарды қоспағанда, COVID-19-ға қарсы вакцинация алмаған өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметкерлерін күндізгі режимде жұмысқа жіберуге шектеу қойылды.
Бұл ретте медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы үш ай ішінде КВИ-мен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда, вакцинацияланбаған жұмыскерлер үшін 7 күнде 1 рет міндетті ПТР-тестілеу көзделеді,- делінген хабарламада.
Төменде көрсетілген тармақтар бойынша тыйым салынады:
- Жабық үй-жайларда да, ашық жерлерде де адамдар көп жиналатын ойын-сауық, отбасылық, ұжымдық, корпоративтік, салтанатты іс-шараларды өткізуге;
- Жаппай корпоративтік іс-шараларды өткізу үшін үй-жайларды жалға алуға;
- Ойын-сауық мекемелерінің қызметі (караоке, кальян, букмекерлік кеңселер, бильярд, ойын клубтары, түнгі, боулингтер және т. б.);
- Балалар ойын-сауық орталықтары (ойын алаңдары, аттракциондар);
- Еске алуды өткізу;
- Мейрамханалар мен дәмханалар типі бойынша келушілерге қызмет көрсетуді қоспағанда, банкет залдарының қызметі
- 30 адамға дейін санэпид талаптарын сақтай отырып, мәдениет объектілерінің қызметін (дайындық);
- Театрлардың, кинотеатрлардың, концерт залдарының, филармонияның толтырылуы 20-дан аспайтын қызметі;
- Кітапханалар, мұражайлар қызметі;
- Облысаралық, облысішілік, қалааралық, ауданаралық, автобус, шағын автобус жолаушылар және туристік тасымалдар қызметі.
Қаулының толық мәтінін мына сілтеме арқылы көруге болады.