Енді ауданға Алаш партиясының жетекшісі Әлихан Бөкейханның есімі беріледі.
Сессияда Октябрь облысына Әлихан Бөкейхан есімін беру туралы бұрын дайындалған әкімдік пен мәслихат қаулысы қаралды. Енді аудан Әлихан Бөкейхан ауданы болып аталады. Тиісті құжаттар Әділет министрлігіне тіркеуге жіберілді, — деді Қарағанды облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқарма өкілі.