Алматыда студент өз-өзіне қол жұмсады

Біз студентіміз Сергей Лидің қайғылы қазасы туралы өкінішті хабар алдық. Студенттің отбасы мен туған-туыстарының, достарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Сергей өте жарқын және ақкөңіл адам болды, — делінген ресми хабарламада.

Университет өз тарапынан марқұмның отбасына барлық қажетті көмек пен қолдау көрсететінін мәлімдеді.

Құқық қорғау органдары қайғылы жағдайдың себебі мен мән-жайын анықтап жатыр- дейді университет қызметкерлері.

Ал әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, қайтыс болған студент ақпараттық технологиялар факультетінің бірінші курсында оқыған. Оны екі пән бойынша сынақ тапсыра алмады. Студент өз-өзіне қол салғаны хабарланды.

  • Алматы қалалық полиция департаменті де қайғылы оқиғаны растады. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 105-бабы («Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу») бойынша тергеу шаралары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.