Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бюсті ашу шарасына Арыс әкімі Гүлжан Құрманбекова, мемлекет және қоғам қайтаркері Мұрат Әуезов пен Дінмұхамед Қонаевтың інісі Дияр Қонаев қатысты.
Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің 1956 жылдың 31 шілдедегі жарлығымен Арыс – қала мәртебесіне ие болғаны белгілі. 65 жыл бұрын осы жарлықтың күшіне енуіне Дінмұхамед Ахметұлы айрықша ықпал еткені ақиқат. Біз бүгін ел игілігі үшін ерен еңбек еткен ерлердің есімін ұлықтап, кейінгі ұрпаққа үлгі ету мақсатында осындай салтанатты шарада бас қосып тұрмыз. Бұл біз үшін зор мәртебе, — деді Гүлжан Мамытқызы.
Дінмұхамед Қонаевтың бюстін Арыс қаласының тумасы, суретшілер одағының мүшесі Тілеуберді Бинашев сыйға тартқан.