Басты бетЖаңалықтарҚазақстаннан қуылған...

Қазақстаннан қуылған Тәжікстан азаматы атын өзгертіп, қайтып келген

Атырау облысы полиция департаменті 6-12 желтоқсан аралығында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде Қазақстан Республикасы аумағынан қоғамдық орында мас болып жүргені үшін 5 жылға шеттетілген шетелдікті анықтады.

Тәжікстан Республикасының 35 жастағы азаматы өз еліне барып, жеке басын растайтын құжаттарындағы ақпаратты өзгертіп, Қазақстанға қайтып келгендігі белгілі болды.

Аталған факті жедел-профилактикалық іс-шара өткізу кезінде такси жүргізуші болып жұмыс істеп жүрген Тәжікстан азаматының құжаттарын тексеру барысында анықталды. Ұсталған шетелдік өз кінәсін толықтай мойындады. Қазіргі таңда ел шекарасына заңсыз кірген ер адам 30 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Іс-құжаттар жинақталып, заңды шешімін шығару үшін сотқа жолданады, – деді Атырау қалалық полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің бастығы Қадырбек Әбішов.