33 елді мекен газбен жартылай қамтылса, қуаттылығы жеткіліксіз болып отыр. Осы жылы газбен қамту бойынша 5,9 миллиард теңгеге 18 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Осының есебінен газбен қамтылмаған елді мекендерге газ тарту мүмкіндігі пайда болады. Келесі жылдың басында №3 автоматтандырылған газ тарту жүйесі пайдалануға беріледі. Қаланы газдандыру мәселесі 2025 жылы толығымен шешіледі, — деді Мұрат Әйтенов.
Қала әкімі сонымен бірге 16 елді мекенде электр энергиясының сапасы төмен екенін айтты.
Биыл осы салада 9,8 миллиард теңгеге 19 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде, қамту деңгейі 95%-тен 97-ге жетеді. Халықты сапалы электрмен қамту мәселесі 2025 жылы толығымен шешіледі, — деді ол.