Қызылорда облысында университет түлектері алған диплом жарамсыз болып шықты

Жастардың айтуынша, олар алған дипломдарында сәйкестендіру нөмері жоқ.

Бес айдан бері жұмысқа тұра алмай жүрміз.Төрт жыл 210 мың теңгеден төлео оқыған дипломымыз жарамсыз болып шықты, енді қайда барамыз, не істейміз?, — деп жазады бір топ жас Instagram-дағы kritikakyzylordy парақшасында.

Түлектер лицензия мәселесі қашан шешілетінін білу үшін телефон соғып, университетке бірнеше мәрте барғандарын, әзірге жауап жоқ екенін айтады.

Қанша түлекке бірегей сәйкестендіру нөмірі жоқ диплом берілді. Ал бірінші курс студенттері ше? Институт өкілдері сотта жеңіп шыққандарын айтқан, — дейді қызылордалықтар.

Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі университеттің әрекетін заңсыз екенін хабарлады.

2021 жылдың жазында біз «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты бас лицензиясынан айырылғаны туралы ақпарат жарияладық. Тиісті шешімді сот қабылдады. Университетке барлық сәйкессіздіктерді жою үшін уақыт берілген болатын. Алайда, жоғары оқу орны оны білім беру қызметтерінің сапасын жақсарту үшін қажетті жұмыс жүргізудің орнына сот талқылауына және ҚР БҒМ комитетінің іс-әрекеттеріне шағымдануға жұмсады, — деді білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева.

Ведомство сонымен бірге лицензиядан айыру туралы және ЖОО-да аккредиттеу болмаған жағдайда олар гранттарды сақтай отырып және игерілген кредиттер мен пәндерді қайта есепке алып, басқа ЖОО-ға ауысуға құқылы екендігі туралы жұртшылықты хабардар еткендерін хабарлады.

Ата-аналар мен студенттердің жарияланған ақпаратқа назар аударуы және жоғары оқу орындарын таңдау мен одан әрі оқу мәселелеріне жауапкершілікпен қарауы өте маңызды. Жоғары оқу орындарын жабу кезінде министрлік білім беру қызметтерінің сапасына қойылатын талаптарды басшылыққа алады, — деді Мөлдір Абдуалиева.

Ал «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтының ректоры Ерлан Шынбергенов институттан лицензия алып, дипломдардың жарамсыз екендігі туралы әңгімелерге сенудің қажеті жоқ екенін айтты.

Бізде білікті мұғалімдер мен профессорлар жұмыс істейді. Егер бізде лицензия болмаса, олар қалай жұмыс істеп жүр? Біз ресми түрде, заң бойынша жұмыс істейміз! Дипломдарға келетін болсақ, онда тек сериялық нөмірді қою керек. Біз дипломдарды 2021 жылдың мамыр айында бердік, ал дипломдардың жеке үлгілерінде бірегей сәйкестендіру нөмірлері болуы керек деген бұйрық 2021 жылдың 7 маусымында шықты. Біз Бас прокуратураға Білім және ғылым саласындағы бақылауды қамтамасыз ету комитетінің әрекеттеріне шағымдану бойынша өтініш бердік. Шешім шыққаннан кейін біз барлық 399 түлегімізге бірден сериялық нөмірлер қоямыз және мәселе шешіледі, — деді ол.

ДереккөзTengrinews.kz