Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой санитарлық-эпидемиология жағдайы тұрақты екенін айтты. Коронавирус инфекциясынан ауырып жатқан науқастардың саны азайып жатыр, инфекциялық төсек-орындар — 24%, реанимациялық төсектердің 21% толы.
Қазір коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша өңірлердің көбі «жасыл» аймақта орналасқан. Нұр-Сұлтан мен Қарағанды, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары «сары» аймақта, Ақмола облысы «қызыл» аймақта тұр.
Бүгінде 8,8 миллионнан аса адам вакцинаның бірінші компонентін алды — бұл ересектердің 77,5%, сонымен бірге 8,2 миллионнан аса адам немесе ересектердің 72,4% екінші компонентін алды.
Үкімет басшысы вакциналау қарқыны төмен Маңғыстау, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында халықты вакциналаумен және ревакцинациямен қамтуды ұлғайтуды тапсырды.
Әкімдіктерге денсаулық сақтау, ақпарат және қоғамдық даму министрліктерімен бірлесіп, халық арасында ревакциналау қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуді тапсырды.
Коронавирус инфекциясынан қорғанудың негізгі тиімді құралы — вакцина алу мен ревакциналау, — деді Асқар Мамин.
Шетелде вирустың жаңа штамының таралуын ескере отырып, премьер-министр елге сырттан келетіндерге мемлекеттік шекарада күшейтілген бақылауда ұстауды жалғастыруды тапсырды.

