Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері Жаңа жылды шағын ортада атап өтуге үндеді

«Қаланың «сары» аймақта болуы карантиндік шектеулерді сақтау қажеттігін білдіреді, бұл туралы Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысында айтылған, — деді ол қала әкімдігінде өткен онлайн брифингіде.

Сархат Бейсенова алдағы мерекелерден кейін эпидемиология ахуалы нашарлап, коронавирус инфекциясы көбейіп кетпеу үшін сақтық шараларын сақтау керегін еске салды.

Сондықтан қала тұрғындарын жаңа жылды туыстарымен бірге шағын ортада атап өтуге шақырамын, — деді астана әкімі.

Нұр-Сұлтан 26 қазаннан бастап эпидемиология жағдайын бағалау матрицасы бойынша «сары» аймақта тұр.

Қазақстанның бас санитар дәрігерінің 24 қыркүйектегі қаулысы негізінде салтанатты, естелік, отбасылық іс-шараларды, оның ішінде банкеттерді, үйлену тойларын, мерейтойларды «сары» аймақта 50%-ке дейін, бірақ 70 орыннан аспайтын жерде өткізуге рұқсат етіледі. Келушілер мен мекеме қызметкерлері арасында тек «жасыл» статустың болуы міндетті.

Айта кетейік, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтарға Жаңа жыл кешін отбасымен ғана қарсы алуға кеңес берген болатын.