Басты бетҚоғамҚазақстанда тағы...

Қазақстанда тағы бір ұлттық табиғи парк құрылды

Бұл туралы  экология, геология және табиғи ресурстар министрі Cерікқали Брекешев Twitter-парағында жазды.

Үкіметтің № 867 қаулысына сәйкес Қазақстанда «Ұлытау» ұлттық паркі құрылды.

«Ұлытау» ұлттық паркі президенттің тапсырмасы аясында құрылып отыр. Парк Қарағанды өңірінде орналасатын болады, оның аумағы 58,9 мың гектарды құрайды. Парктің мақсаты – ерекше экологиялық әрі ғылыми құндылыққа ие мемлекеттік табиғи кешендердегі биологиялық және ландшафтық саналуандықты сақтау және қорғау, — деп жазды министр.

«Ұлытау» ұлттық паркі – Қазақстандағы 14-мемлекеттік табиғи парк.