30 мыңдай адамға жоғары білім алу мүмкіндігі берілді

2016 жылы өткізілген ҰБТ немесе КТ нәтижелері бойынша ең төменгі шекті деңгейді бағындыра алмаған талапкерлер алғаш рет тесттерді қайта тапсыру мүмкіндігін алды. Нәтижесінде 12 мыңға жуық талапкер жоғары оқу орындарына түскен болатын.

Сонымен қатар, қайта өткізілген тестілеу қорытындылары бойынша да төменгі шекті балл жинай алмаған талапкерлер ЖОО-на бірінші семестр аяқталғанша, шартты түрде қабылданған.

Айта кетейік, 19-24 қаңтар аралығында өткен кешенді тестілеуді аталған санатқа жатқызылатын студенттер тапсырды. Олардың 5 мыңнан астамы ЖОО-да білім алуды жалғастыра алады. Сондай-ақ, шет елдерде оқып, қазақстандық жоғары оқу орындарына ауысуға ықылас білдірген 12,5 мыңнан астам студент кешенді тестілеуді сәтті тапсырған. Осылайша, үстіміздегі оқу жылында қосымша 30 мыңға жуық адам еліміздің жоғары оқу орнында білім алуға мүмкіндік алды.

ДереккөзInform.kz