Америка басшысы Джо Байден мәлімдемесінде Сәуле Омарова АҚШ Қаржы министрлігі жұмысына баға жетпес жаңашылдық әкеле алатынын айтты. Джо Байден Сәуле Омарова Америка Құрама Штаттарына келгенге дейін Кеңес өкіметі билігінде өмір сүргені, сол кезде оның америкалық арманы болғанын білдіретінін және Америкаға көшу арқылы оны жүзеге асыруға мүмкіндік алғанын айтты.
Тұтынушылар мүддесінің күшті жақтаушысы және қаржы жүйеміздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығының сенімді қорғаушысы ретінде Сәуле америкалықтардың атынан маңызды жұмысымызға баға жетпес көзқарас пен перспектива әкеле алар еді, — деді ол.
Джо Байден сонымен бірге Сәуле Омарова көп шабуылға ұшырағанын атап өтті.
Өкінішке қарай, оның кандидатурасы басталғаннан Сәуле шабуылдарға ұшырады. Мен төраға Браунға әділ тыңдау жасағаны үшін және Сәуле Омароваға біліктілігін көрсету мүмкіндігін бергені үшін алғыс айтамын, — деді Джо Байден.
Қаржы министрлігінің Валюталық бақылау басқармасы федерал банк жүйесіндегі 1 200-ге жуық ұлттық банктерді қадағалайтын және реттейтін негізгі агенттік саналады.
Еске салайық, мұның алдында Қазақстан тумасы Сәуле Омарова АҚШ Қаржы министрлігінің банк реттеушісі басқармасының басшысы лауазымынан бас тартқаны хабарланған еді.