Испаниядағы әлем чемпионатында Қазақстанның ескі әнұраны ойналды

Ескі әнұран Қазақстан мен Иран қыздар құрама командалары матчының алдында қосылды. Алғашында қазақстандық гандболшылар абдырап қалды, алайда көп ұзамай жаңа әнұранды әуенсіз өздері орындап шықты, — деп хабарлады sports.kz.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)

Бұл ойында Қазақстан Иран командасын 31:25 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының негізгі кезеңіне шықты.

Негізі кезеңде Қазақстан Германия, Венгрия және Чехия командаларымен ойнайды.