Басты бетҚоғамАлексей Цой...

Алексей Цой Жаңа жыл кешін отбасымен ғана қарсы алуға кеңес берді

Өңірлердің бас санитар дәрігерлері әр аймақта қандай шектеулер немесе алдын алу шаралары болуы қажеттігін анықтайды. Сондықтан елдің қай облысына қатысты қандай талаптар бар екендігін айғақтап алу қажет, — деді ведомство басшысы.

Оның айтуынша, Жаңа жыл мерекесін отбасында атап өткен жөн.

Жаңа жыл – әрқашан отбасылық мейрам. Сондықтан адамдар санын шектеген дұрыс, вирус ешқайда кеткен жоқ. Өкінішке қарай, ауру әлі де таралып, өлім-жітім деректері де тіркеліп жатыр. Барынша сақтанып, отбасыңызбен ғана қарсы алыңыз, — деді Алексей Цой.

Министр сонымен бірге ірі жиындарды да шектеген дұрыс екенін айтты.

Егер тіпті, аз адам жиналғанның өзінде індет жұқтыру қаупін болдырмас үшін белгілі талаптар бар. Арақашықтықты сақтау мүмкін болатын кейбір конференцияларды қоспағанда, ірі іс-шаралар өткізіліп жатқан жоқ. Мектептердің өзі күн сайын жабылып жатқанын көріп отырсыздар. Адамдар әлі де ауырып жатыр. Одан құтылудың жалғыз тәсілі – вакцинация, — деді ведомство басшысы.

Алексей Цойдың айтуынша, биыл денсаулық сақтау министрлігінде жаңажылдық ұжымдық кеш өтпейді.