Басты бетЖаңалықтарПрезидент Үкіметке...

Президент Үкіметке кадрлар даярлау жөнінде тапсырма берді

Мемлекет басшысы отандық өңдеуші кәсіпорындарды қолжетімді шикізатпен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін «Өнеркәсіп саясаты туралы» заңның тез арада қабылдануы маңызды екенін атап өтті.

Сонымен қатар, президент отандық бизнестің көрші елдердің нарығына шығуы үшін заманауи инфрақұрылымды дамыту қажеттігі жөнінде айтты.

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығы табысты жұмыс істеп тұр. Сонымен бірге, тағы төрт трансшекаралық хаб: оның екеуін Ресеймен шекарада, Өзбекстанмен және Қырғызстанмен шекарада бір-бірден салу жоспарланып отыр. Бұл транзакциялық шығындарды азайтуға, көлік логистикасының тиімділігін арттыруға және нәтижесінде экспортымызды ұлғайтуға мүмкіндік береді, — деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев өнеркәсіп саласында білікті мамандардың жетіспейтініне ерекше назар аударды. Бұл — индустрияландыру үдерісін тежейтін факторлардың бірі.

Өнеркәсіп саласында білікті мамандардың жетіспеуі — индустрияландыру үдерісін тежейтін факторлардың бірі. 2025 жылға қарай 500-ге жуық индустриялық жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз.  Үкімет аталған өндіріс орындарында жұмыс істейтін білікті кадрларды осы бастан дайындауы керек. Бүгінде мемлекет жұмыс берушілерге нақты қолдау көрсетіп отыр. Жұмыс орнында оқыту, «Ұрпақтар келісімшарты» және «Алғашқы жұмыс орны» сияқты жас мамандарға қолдау көрсету шаралары іске асырылып жатыр. Мемлекет тарапынан тиісті субсидиялар қарастырылған, — деді мемлекет басшысы.

Президент Үкімет «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жұмыспен қамту және қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ынталандыруға бағытталған қосымша шараларды пысықтауы қажет екенін атап өтті.