Парижде қазақтың бас ақыны, ағартушы, ойшыл Абай Құнанбаевтың бюсті ашылды. Бюст Париждің орталығында ақындар алаңында орнатылды, онда француз жазушысы Виктор Гюго, орыс ақыны, проза жазушысы Александр Пушкинге құрмет көрсетілді. Абай Құнанбаевтың мүсіні Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында ашылды, — деп жазды Алтай Көлгінов.
Оның айтуынша, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша астананың экономикасына жеке инвестициялар тарту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Париж мэрі Анн Идальгомен достық пен ынтымақтастық туралы пактіге қол қойып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруды талқыладық. Мәселен, Нұр-Сұлтанда 30-дан астам француз компаниясы жұмыс істейді. Бұл бірлескен маңызды жобаларды ашу және жеке инвестицияларды тарту ғана емес, сол сияқты қосымша жұмыс орындарын құру болып саналады. Бірлескен жобалар санын кеңейтетін боламыз. Сонымен бірге елордамызда Францияның жеке инвестициялары есебінен жеке мектеп салу туралы келісімге келдік. Сонымен қатар, музейлер ұжымын келесі жылы көрмелерімен шақырдық, олар Нұр-Сұлтанның мәдени саласын дамытуға өз үлесін қосатыны сөзсіз, – деп жазды елорда әкімі.