Басты бетЖаңалықтарҚазақстан-Өзбекстан шекарасында...

Қазақстан-Өзбекстан шекарасында Халықаралық өнеркәсіп орталығы ашылады

Біз бірқатар іргелі жобаны іске қосуға уағдаластық. Аталған жобалар мыңдаған жаңа жұмыс орнын ашуға бағытталған және екі елдің де азаматтарына әлеуметтік қолдау көрсету ісіне қомақты үлес қосады. Мысалы, «Қазфосфат» компаниясы Ташкент облысында құны шамамен 1 миллиард доллар болатын фосфорлы және кешенді тыңайтқыштар шығаратын зауыттың құрылысына қызығушылық білдірді. Қазақстандық «BI group» ірі құрылыс компаниясы Ташкентте жеке ықшамауданның құрылысын жүргізуді жоспарлап отыр. Осы мақсатпен 1,2 миллиард доллар қаржы салмақ. еліміздің автомобиль өнеркәсібіндегі көшбасшы «Astana-Motors» компаниясы Өзбекстанда «Hyundai» автокөлігін өндіретін кәсіпорын ашуға дайын,- деді мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, екі мемлекеттің шекарасында Халықаралық өнеркәсіп кооперациясы орталығының тез арада іске қосылуы мультипликативті тұрғыдан тиімділігі зор.

Аталған мекеме Орталық Азиядағы ірі сауда-өнеркәсіп хабына айналады. Ол екіжақты ғана емес, сонымен бірге аймақтық көлемдегі сауданы дамытуға ықпал етіп, арадағы көлік-логистикалық мүмкіндіктерді кеңейте түседі. Осыған байланысты үкіметтерге аталған нысанды тез арада салуды тапсырдық, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, Қазақстан мен Өзбекстан Еуразиядағы маңызды сауда-көлік дәліздерінің тоғысында орналасқан. Тараптар осы бағытты одан әрі дамыту үшін стратегиялық маңызы бар бірқатар жобаның жүзеге асырылуын жылдамдатуға уағдаласты.