Алматыда заңсыз салынған гараждар бұзылады

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде аудан әкімі Алтай Рахымбетов мәлімдеді.

Брифинг барысында аудан әкімінен журналистер аулалардағы заңсыз салынған гараждар мен қосалқы құрылыстар мәселесі қашан шешілетінін сұрады.

Біз бұл жұмыстарды қолға алдық. Өкінішке орай, бүгінгі күні бізде аула аумақтарында, көшелерде орналасқан осындай 500-ге жуық нысан бар. Басым бөлігінің тиісті құжаты жоқ, бірақ иелері оларды барлық жолмен қалдыруға тырысады. Мұндай жағдайларда сотқа жүгінуімізге тура келеді, бұл біраз уақытты алады. Біз бұл жұмысты жалғастырамыз, келесі жылы заңсыз тұрған 250-ге жуық гаражды бұзуды жоспарлап отырмыз, — деді Алтай Рахымбетов.