Мониторинг тобы шағын және орта бизнестің 9092 субъектісін қамтып, қосымшаның талаптарын бұзған 1208 нысанды «Ashyq» платформасынан шығарды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің деректері бойынша 2021 жылдың 10 маусымы мен 6 желтоқсан аралығында Алматы облысы азаматтарының арасынан санитариялық-карантиндік режимді бұзған 4042 тұрғын анықталды. Оның ішінде, «қызыл» статусы бар — 3003 адам және «сары» статусы бар — 1039 адам тіркелді,- делінген ведомствоның хабарламасында.
Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, «қызыл» статусы бар тұлғаларға қатысты 7 875 880 теңге көлемінде 178 айыппұл салынды. Сонымен бірге, «сары» статусы бар азаматтарға қатысты үй карантинін сақтау қажеттілігі туралы талаптары бар 429 қаулы берілді.