3D фильмдерді смартфоныңызда көру үшін алдымен мына қадамдарды жасау керек:
1. 3D форматындағы фильмді сіз кез келген торрент трекерден жүктей аласыз, тек фильм атауына 3D сөзін қосып жазу керек.
2. 3D форматындағы фильмді телефонда көруге арналған тегін қосымшаларды — AAA VR Cinema Cardboard 3D SBS (Аndroid үшін), VR Cinema (iPhone үшін) орнатуды ұсынамыз.
3. Смартфонда 3D фильмді қосу.
Android иелеріне:
Компьютерде алдын-ала жүктелген фильмді смартфонға көшіру керек. Ол үшін USB кабелді қолданыңыз. «Менің компьютерімді» ашсаңыз, Дербес компьютер дисктері қатарынан өз смартфоныңызды көресіз. Фильмді смартфоныңыздың қалаған папкасына көшіріңіз.
**Егер телефон жадында бос орын болмаса, фильмді флешкаға немесе microSD картаға көшірсеңіз болады.**
Келесі қадам: AAA VR Cinema Cardboard 3D SBS қосымшасын ашып, фильм сақталған файлды ашыңыз.
iPhone иелеріне:
Алдымен фильмді компьютерден телефонға көшіріп алу керек. Ол үшін iTunes бағдарламасын пайдаланыңыз. Қосқаннан кейін жоғарыда орналасқан iPhone белгісі бар иконканы басыңыз да, «Программы» бөліміне өтіңіз.
Төменге түссеңіз, iPhone-да орнатылған бағдарламалардың тізімін көресіз. VR Cinema қосымшасын таңдаңыз. Қосымшадағы «Документы» бөліміне фильм орналасқан файлды әкеліңіз. Осыдан кейін фильм көшіріліп, VR Cinema қосымшасында ашылады. Сіз қалаған фильміңізді көре аласыз.
4. Әсері мол болуы үшін смартфондарға арналған VR Box 2 3D көзілдірігін пайдалануды ұсынамыз. Нәтижесінде әртүрлі визуалды әсерлерді өз бойыңыздан өткізіп, 3D оқиғалардың ортасында жүресіз.